RU

Ақбота: Дәуреннің бірінші әйелі балаларымыздың араласуына қарсы шықты

Ақбота Сейітмағамбет босанғаннан кейін ел алдына шығып, Дәурен Айдарқұлов екеуінің жеке өмірі туралы ашық айтып жүр. Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында ол Дәуреннің бірінші некесіндегі үш баласымен өз баласының бірге өскенін қалайтынын, бірақ оған актердің бұрынғы әйелі қарсы екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

«Дәуреннің бұрынғы жары келіссе балаларымның бірге өскенін қалар едім. Мен оны балаларынан мүлдем қызғанбаймын. Өйткені өзімнің де балам өсіп келе жатыр»,-дейді Ақбота.

Ол сонымен қоса Дәуренге тұрмысққа шыққалы жабық киініп жүргенін де атап өтті.

Тағы оқыңыздар: Дана Нұржігіт үйлену тойын Астана төрінде дүркіретіп өткізді (фото, видео)

«Бұрын жас болдым ба, ашық-шашық киімдермен, жыртық шалбармен жүре беретінмін. Қазір бәрі тыйылып жатыр. Менің жолдасым намаздағы кісі болғандықтан, шамалы өзімді ретке келдірдім. Өнер жолына қайта келуіме басында қарсылығын білдірген болатын, соңғы кезде мені қолдап, түсіністік танытып жүр», -дейді әнші.

Еске салсақ, Ақбота мен Дәурен өткен жылдың қазан айында шариғат бойынша некелерін қидырған. Жас жұбайлардың бүгінде бір ұлдары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1569925-aqbota-daurenninh-birinshi-ayeli-balal.html