RU

Путин: Ресей арсыздыққа шыдап отыра бермейді

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу әзірге Американың санкцияларына ұстамдықпен қарайтынын, бірақ "елге қатысты арсыз әрекеттеріне шексіз шыдап отыру мүмкін емес" деп мәлімдеді. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Савонлинна қаласында Финляндия президенті Саули Ниинистёмен кездесу өткізгеннен кейін, Путин Вашингтонның Ресейге қатысты жаңа санкцияларына қатысты экономикалық бәсекелестікте геосаяси мүмкіндіктерді "ерекше арсыздықпен" пайдаланып жатыр деп мәлімдеді.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртас Болат Назарбаев үшін концерт қоюдан бас тартты

Путиннің сөздерінше, Американың тиісті заң жобасы нақты қабылданғаннан кейін ғана Мәскеу нақты жауап береді.

Бейсенбі күні Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі департамент басшысы Энтони Скарамуччи АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы санкциялар жөніндегі жаңа заң жобасына вето қою мүмкіндігін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1570264-putin-aqsh-tynh-zhanha-sankciyasy-zhayynda-r.html