RU

Жезөкшелермен болған полицейдің суреті желіні дүр сілкіндірді (фото)

Желіде табельдік қаруы бар форма киген полицейдің жеңіл жүрісті қыздардың қызметін пайдаланып жатқан сәтінен фото таралуда. Болжам бойынша, тәртіп сақшысы Орал қаласынан болуы мүмкін деп хабарлайды NUR.KZ.

Желі қолданушыларының хабарлауынша, полицей құжат беретін ескі аудандағы (Оралдағы түнгі көбелектер жиналатын жердің бірі - ред. ескертпесі) жеңіл жүрісті аруларды "сенбілік" өткізуге мәжбүрлеп жатыр. Яғни жезөкшелер аптасына бір рет оның адамдарына "тегін қызмет"көрестуі тиіс.

Сонымен қатар олар полицейдің өзі жеңіл жүрісті бикештердің қызметін пайдаланатынын айтуда.

Өш алмақшы болса керек, жезкөшелердің бірі тәртіп сақшысын суретке түсіріп алып, оны "Одноклассники" әлеуметтік желісінде жариялап жіберген. NUR.KZ этиканы сақтай отырып, ол фотоны жария етпейді.

Полиция бұған қатысты әлі пікір білдірмеді. Алайда Орал қалалық ІІБ бастығы Мирлан Айкенов журналистерден пікір білдіру үшін өзінің қоластындағы адамның суретін өзіне жіберуді сұрады.

"Мен әзірге ештеңені нақты айта алмаймын. Суретте ол өзінің азаматтық жарымен болуы мүмкін. Ал фото әлеуметтік желіге полицейдің жеке мұрағатанан түскен болуы керек", - дейді Мирлан Айкенов Уральская неделя" сайтына.

БҚО ІІД үшінші тәулік журналистердің қоңырауына жауап бермейді.

Сондай-ақ полицейдің қазір кезекті демалыста екені, ал құжат беретін ескі аудандағы оқиғаға қатысы жоғы белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1570278-zhezokshelermen-bolghan-policeydinh-sur.html