RU

Орыс қызын жар еткен Моңғолияның миллиардер президенті жайлы не білеміз?

Моңғолияның бесінші президенті Халтмаагийн Баттулга жайлы қызықты деректерді baq.kz назарларыңызға ұсынды.

1. Халтмаагийн Баттулга 1963 жылы 3 наурызда Ұлан-батыр қаласында дүниеге келген. Екі ұл, екі қызы бар. Моңғлияның Өндіріс, ауылшаруашылығы министрі болған. Алғашқы әйелі Энхтуямен ажырасып, Анжелика есімді орыс әйелмен үйленген. Жаңа президент осы әйелінен егіз бала сүйді.

2. Баттулганың әке-шешесі Баянхогор аймағының тумалары. Дегенмен ертеден бері Ұлан-батыр қаласында қызмет атқарады. Баттулганың бір әпкесі, бір інісі бар.

Тағы оқыңыздар: Ислам Кәрімовтің үлкен қызы Өзбекстанда тұтқындалды

3. Ұлан-батыр қаласындағы №34 мектептің 8-сыныбын бітірген соң, бірден бейнелеу өнері орта мектебіне барады. Бұған баруына Баттулганның ұстазының кеңесі түрткі болған. Баттулга орта мектепті орта бағамен оқыған.

4. Сурет училищесінде оқи жүріп, «Баянгол» қонақ үйінің алдында өзі сызған суреттерін 1 долларға туристерге сата бастайды. Осы кезде ол ағылшын тілін үйренудің қажеттілігін түсінеді. Және үйренуді қолға алады.

5. Ол самбо спортымен түбегейлі айналысып, алтын, күміс, қола медальдарымен қатар әлем чемпиондығын иеленді.

6. 1989 жылы Моңғолияда өткен әлем чемпионатында самбодан әлем чемпионы атанған 26 жастағы Баттулга 4 бөлмелі үйдің иесі атанады.

7. Осыдан кейін ол Моңғолияның еңбек сіңірген спортшысы атағымен марапатталады. Ал 2006 жылдан бастап Моңғолияның Джудо федерациясын басқарды.

8. Қазіргі таңда Моңғолияның маңдайалды миллиардерлерінің бірі.

9.Баттулга 1990 жылдардың басынан бастап саудамен, бизнеспен айналыса бастайды. Өзі жарысқа барған елдерден Моңғолияға не керек екенін байқай жүріп, жүлдеге алған ақшасына сол заттардлы алып келіп сататын болған. Сондай бір саудасы Сингапур елінен әкелген бейнекамералар еді. Онда жақта 600 доллардан алған камераларды ол Моңғолияда 1200 доллармен сатты. Осыдан бастап ол ақшаның, сауданың, бизнестің не екенін түсіне бастайды. Сонымен қатар ол балалар киімін тігіп сатумен де айналысады.

10. Ол алғашқы болып Моңғолияда лотерия ойнатуды бастады және Ұлан-батыр қаласында сары жолақты такси қызметін іске қосқан.

11. 2002 жылдан бастап мемлекет саясатына араласа бастайды. Онда да ол бизнесмен ретінде халықтың жағдайын көзімен көргендіктен ғана бұл қадамға барады.

12. Баттулганың әкесі де, інісі де, өзі де ешқашан арақ ішкен емес

13. Баттулга өз қаржысын моңғолияның туризм саласынан да аяп қалған жоқ. Оның дәлелі ретінде “Женко тур бюро” компаниясына тиесілі Шыңғыс ханның ерекше үлкен атты ескерткіші. Ұлан-батыр қаласының іргесіне орнатылған бұл кешеннің ерекшелігі моңғолияға сапар шеккен туристердің аузының суын құртты. Қазіргі таңда бұл мәдени-қоғамдық кешенге келушілер саны жал сайын артып келеді. Одан бөлек Төв аймағына 54 метр биік «Ұлы Майдар» бурхан-мүсіні (Құдай мүсіні) тұрғызылып жатыр.

14. "Баянгол" қонақ үйінің иесі, “Сити шоп” дүкендер желісі, Коника бөлімшелері, Касабланка рестораны, Женко мектебі, "Женко тур", "ХИД", "Налайх" , "МИК", "Эмээлт", "Эмээлт зах", "Женко холдинг" қатарлы бизнес көздері де жаңа президенттің еншісінде

15. Халтмаагийн Баттулга БАҚ-ты да қаржыландырудан бас тартқан емес. Ол 2002 жылы мемлекеттік саясатқа араласа бастағаннан-ақ "Дээдсийн амьдрал" (Ақсүйектер өмірі) газетін, “Ардчилал” (Демократия) гезетін, "Монголын мэдээ" (Моңғолия жаңалықтары) газетін қаржылай қолдаумен қатар, С1 телеарнасын ашты.

Тағы оқыңыздар: Жезөкшелермен болған полицейдің суреті желіні дүр сілкіндірді (фото)

16. Баттулга өзі бизнесмен болғандықтан барған елін базарымен бағалайды. Ол президент сайлануына түсер кезде насихат жұмыстарын базардан бастаған.

17. Баттулганың егіз ұлдарының есімі - Мұрат, Марат

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1570318-orys-qyzyn-zhar-etken-monhgholiyanynh-mill.html