RU

Астанада қараусыз қалған үш жасар бала көпқабатты үйдің терезінен құлап, мерт болды

Астанада үш жасар бала алтыншы қабатан құлап кетті. Бұл туралы ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты деп хабарлайды Baq.kz.

Оқиға 27 шілде күні сағат 18.00-де Күмісбеков көшесіндегі Сарыарқа ауданында болған.

«Ата-анасының қарауынсыз қалған 2014 жылғы сәби көпқабатты үйдің 6-қабатының терезесінен құлап, шетінеді»,- дейді төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде 19 жастағы қызды көлігімен қағып өлтірген жүргізушіге шара қолданылмаған

Руслан Иманқұловтың айтуынша, жаз басталысымен балалар жиі үлкендердің қарауынсыз қалады. Осы уақытта өрт пен төтенше жағдайлар көп болады.

«Жыл басынан бері Астанада терезеден 9 бала құлаған, оның бесеуі ауруханаға жатқызылып, төртеуі шетінеп кетті, бір бала құтқарылды. Көпшілік жағдайда бұлар ата-ананың қарауынсыз қалған балалар», - деді Руслан Иманқұлов.

Айта кетейік, осыдан он шақты күн бұрын Астанада 9-шы қабаттан құлағалы тұрған бала құтқарылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1570514-astanada-qarausyz-qalghan-ush-zhasar-bal.html