RU

Сейфуллиннің орыс әйелі тоқсанға келген енесімен билеп елді сүйсіндірді (видео)

Сейфуллин Жолбарыстың анасы Аманкүл әжей 26 шілде күні 90 жасқа толды. Мерейлі тойда Сейфуллиннің жары Екатерина енесімен би билеп, көпшілікті сүйсінтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Екатеринаның биін көрген желі қолданушылары  "ұлты орыс болса да, келбеті қазаққа келеді екен", "Қандай жарасымды!", "Тоқсанға келген ананың жасын берсін", - деп ризалықтарын білдіріп жатты.

Тағы оқыңыздар: Карина Абдуллина: Болатты сүйетінімді ол өмірден өткен соң ғана түсіндім

Кеш бойы Сейфуллин Жолбарыстың анасы көңілі көтеріңкі болып, келген қонақтардың бәрімен билеп жүрді.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1570527-seyfullinninh-orys-ayeli-toqsangha-kel.html