RU

БҰҰ өкілдеріне пара берген миллиардер 65 жылға сотталуы мүмкін

Қытайлық миллиардер У Лишиң БҰҰ-ның Кариб елдерінде тұратын өкілдеріне пара берді деп айыпталды. Бұл істен кейін Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қытайлық іскер тұлғалардың менмендігі әлем назарын өзіне аударды.

Айталық, бұл іс БҰҰ тұлғалары арасындағы сыбайлас жемқорлықтың тереңдеп кеткенін көрсетті. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.

Қазылар алқасы бір тәулікке таяу уақыт пікірталастан кейін осы шешімді шығарды. Ал, 69 жастағы У Лишиң бұл ретте қазылар шешіміндегі бірден бір айыпталушы болып табылды. Федералдық сот оған 65 жылдық қамақ жазасы беруі мүмкін екен. Қазірде оның жүріп тұруы уақытша шектелген. Сондай-ақ, Манхэттендегі пәтерінен рұқсатсыз шығуына тыйым салыныпты.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде 19 жастағы қызды көлігімен қағып өлтірген жүргізушіге шара қолданылмаған

Макаолық қалталының жеке адвокаты бұл іс туралы журналистер сұрағынан жалтарды.

У Лишиң - ҚХР саяси кеңесінің мүшесі болып саналады. Ал, АҚШ-тағы Қытайдың бас елшілігі де бұл іс туралы сұрауларға жауап беруден бас тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1570603-buu-okilderine-para-bergen-milliarde.html