RU

Аптап ыстық: Демалыс күндері де ауа температурасы 45 градусқа жетеді

Қазгидромет  2017 жылғы 29-31 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында демалыс күндері ауа райы жауын-шашынсыз, күн аптап ыстық болады. Күндіз ауа температурасы 35…40°, кей жерлерде 43°С көтеріледі.

Еліміздің батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 31 шілдеде ыстықтың беті қайтады, бірақ демалыс күндері кей жерлерде ауа температурасы 37…41° болады.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде әйелін қатты жақсы көретін 40 жастағы ер адам бала туып беретін тоқал іздейді

Республикамыздың солтүстік, орталық және шығыс аудандарында күн жылы болады,  найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Дауылды жел соғуы мүмкін.

Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 3…7°С жоғары болады деп болжанып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1570673-aptap-ystyq-demalys-kunderi-de-aua-tem.html