RU

Трамптың салған суреті аукционда 30 мың АҚШ долларына сатылды (фото)

Nate D. Sanders Auctions аукцион үйі АҚШ президенті Дональд Трамптың салған суретін сатылымға қойған болатын. Аукцион 27 шілде күні өтіп, президент туындысы $29 184 АҚШ долларына сатылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш суретті Дональд Трамп 2005 жылы қайырымдылық іс-шарасында салған екен. Суретте Нью-Йорк қаласы бейнеленіп, композиция ортасында Трамп Тауэр ғимараты орналасқан.

Сонымен бірге суретте АҚШ президентінің қолы бар. Аукциондағы суреттің бастапқы бағасы 9000 АҚШ доллары болып есептелген.

Тағы оқыңыздар: Путин: Ресей арсыздыққа шыдап отыра бермейді

Суретті сатып алушының есімі белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1570680-tramptynh-salghan-sureti-aukcionda-30-mynh.html