RU

Головкиннің бапкері Альваресті "боқмұрын" деп атады

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің қарсыласы - мексикалық Сауль Альварестің соққысы мықты дегенге күмән келтірді деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело - боқмұрын. Ол жылдам комбинация жасайды, бірақ Головкинді өзінен алшақ ұстау үшін шапалақ боп тиетін соққыларынан да артық күш жұмсауы қажет. "Канело" - мықты панчер емес, таяуда ол нағыз панчердің қандай болатынын біледі", - деп мәлімдеді Санчес Yahoo Sports басылымына берген сұхбатында.

Бапкер Головкиннің соңғы жекпе-жекте америкалық Дэниэл Джейкобсқа қарсы бар күшін салып жұдырықтаспағанын айтып өтті. Санчестің айтуынша, бұған өз себептері де болған.

Тағы оқыңыздар: Трамптың салған суреті аукционда 30 мың АҚШ долларына сатылды (фото)

"Қалай ойлайсыздар, Головкин рингке көтеріліп, Джейкобсты соққының астына алса, қазір "Канеломен" жекпе-жек болар ма еді? Мен бұлай ойламаймын, сондықтан Оскар Де Ла Хойя (Альварестің промоутері - Авт.) 2018 жылы жұдырықтассын деумен болды. Геннадий Дэнниді нокаутқа түсірсе, бұл жекпе-жегіміз болмай қалар еді. Бұл күлкілі, бірақ Джейкобспен кездесу өткізгеннен кейін Альварестің командасы кенет бізбен жекпе-жек ұйымдастыру туралы айта бастады. Бұл кездейсоқтық дей алмаймын.

Бұл - орта салмақтағы чемпион мен қолдары жылдам баланың кездесуі. Головкин қашықтықты азайтса және таймингті түсінсе, ол "Канелоны" таптап тастайды деп ойлаймын", - деді Головкиннің бапкері.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1570700-golovkinninh-bapkeri-alvaresti-boqm.html