RU

Туыстары өлді деп хабарлаған оралдық келіншек Алматыдан табылды

Оралда жоғалып кеткен төрт баланың анасы Карина Алматыдан табылды деп хабарлайды «Мой город» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Анам екуіміздің қарым-қатынасымыз онша жақсы емес. Ол менің пәтерімді алу үшін мені жоғалып кетті деп хабарлаған.

Шиеленіскен жағдайды шешу үшін тамыз айының басында Оралға барамын. 

Мен тіпті өзімнің іздеуде жүргенімді жаңалықтардан білдім. Бастығым мен туралы мақаланы көрсеткенде бірден туысқандарыма хабарластым», - дейді Карина Клименко.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін жоғалып кеткен Орал тұрғыны өлі күйінде табылғаны туралы хабарланған болатын.

Алайда, қаладағы еріктілердің сөзінше, Каринаның туыстары мәйіттің Клименко емес екенін растайтын ДНҚ сараптамасын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1570722-tuystary-oldi-dep-khabarlaghan-oraldyq.html