RU

Алаяққа ақша беремін деп басы дауға қалған ақтөбелік шенеунік жаңа жұмысынан да қуылды

Алаяққа ақша беремін деп лауазымды қызметінен айырылып қалған ақтөбелік шенеунік жаңа жұмысынан да кетіп тынды деп хабарлайды "Ақтөбе ақпарат" орталығына сілтеме жасаған NUR.KZ.

27 шілде, яғни бейсенбі күні бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында балаларын оқуға түсіру үшін Ботагөз Биекеноваға ақша беріп қызметінен қуылған Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Алмат Ермағамбетовтің Ақтөбе медициналық орталығына жұмысқа шыққандығы туралы ақпарат жарияланды.

Алайда, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, Ермағамбетов жаңа жұмысында көп бөгелмеген.

Тағы оқыңыздар: Екі адам өлім құшқан Алматы маңындағы ұшақ апатының бастапқы себебі анықталды

"Ермағамбетов Алмат 2017 жылдың 24 шілде айынан бастап «Ақтөбе медицина орталығы» МКК кеңес беру-диагностика бөлімі директоры орынбасарының уақытша  міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

Оның міндетіне менеджемент сұрақтарын әзірлеу мен инвестициялық жағдайды жақсарту жұмыстары кіруі қажет болатын. Берілген арызға сәйкес Ермағамбетов атқарып отырған қызметінен босатылды", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1570760-alayaqqa-aqsha-beremin-dep-basy-daugha-qa.html