RU

200 миллиард доллар байлығы бар әлемдегі ең бай президент кім?

Британиялық Hermitage Capital инвестициялық қорының жетекшісі Уильям Браудердің пікірінше, "Ресей президенті Владимир Путин - әлемдегі ең бай адам" деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Қордың есебінше, Путиннің байлығы - 200 миллиард доллар.

Қаржыгер 27 шілдеде АҚШ Сенатының заң комитетіне түсінік берді. Бұл комитет Ресейдің АҚШ-тағы президенттік сайлауға араласуы мүмкін деген фактіні тексеріп жатыр.

Браудердің мәлімдеуінше, "Путин АҚШ-тың Ресей компаниялары мен жеке тұлғаларына салған санкцияларын жойғысы келеді. Осы мақсатта ресейлік заңгер Конгресс мүшелерімен және АҚШ президенті Трамптың кіші ұлымен кездескен".

Тағы оқыңыздар: Рамзан Қадыров отставкаға кетіп, әйгілі мешітті қорғауға дайын екенін мәлімдеді

Hermitage Capital өкілінің пікірінше, Путинге жұмыс істейтін 10 мың адам қамау, азаптау және кісі өлтіру арқылы мүлікті басқарумен айналысады.

Олардың барлығына президент жаза қолданбауға кепіл берген. Ал "Магнитский акті" бұған кедергі жасауы мүмкін.

Осындай құжаттардың негізінде, Путиннің қарамағындағы көптеген адамдардың есептері құлыпталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1570847-200-milliard-dollar-baylyghy-bar-alemdegi.html