RU

Алматыда тура соттың алдында полицейлерден қашып кеткен күдікті ұсталды

Алматыда Алмалы ауданының сотының маңында полицейлерден қашып кеткен ер адам ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Криминалдық полицияның қызметкерлері жедел шаралар кешенін жүргізу барысында И.Б.Баймұханбетовты ұстады", - деп хабарлады Алматы ІІД КПБ басшысы Жанболат Зиятдин.

Еске салайық, 26 шілдеде 1984 жылғы ер адам тонау бабы бойынша ұсталғаннан кейін Алмалы аудандық сотының маңында қашып кеткен еді.

Тағы оқыңыздар: Рамзан Қадыров отставкаға кетіп, әйгілі мешітті қорғауға дайын екенін мәлімдеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1570853-almatyda-tura-sottynh-aldynda-policey.html