RU

Шымкент аспанындағы ерекше құбылыс көпшілікті дүрліктірді

Түнгі аспанда ұшып бара жатқан белгісіз нысан шымкенттіктерді үрейлендірді.  Конус пішінді нысан  баяу жылжып, артынан ашық түтін іздерін қалдырып отырды деп жазады Otyrar.kz.

Әсіресі бұл құбылысты «Нұрсат» ауданының тұрғындары көре алды.

«Байқоңырдан ұшқан қарапайым ракета…» — деп жазады желі қолданушылары.

Кейіннен белгілі болғандай, «Союз МС-05» кемесімен пилотталған «Союз-ФГ» ракетасының бортында ресейлік ғарышкер Сергей Рязанск, америкалық стронавт Рэндольф Брезник және итальяндық астронавт Паоло Несполи болған.  Ракета 28 -ші шілде күні «Гагарин стартынан» жіберілген.

Ұшып бара жатқан «Союз» Шымкент, Тараз бен Қызылорда қалаларында көрінді. 

Куәгерлердің фотолары мен видеолары / otyrar.kz

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1570976-shymkent-aspanyndaghy-erekshe-qubylys-k.html