RU

Тойда еденге аунаған әжейдің биі көпшіліктің ашуын тудырды (видео)

Елімізде өткен тойлардың бірінде үнділердің ұлттық биін билеп, мейрамхана еденіне аунаған әжей желі қолданушыларының ашуын тудырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған видеоны Instagram желісіндегі Kazakhtoy парақшасы жариялаған.

Видеоны көрген желі қолданушылары қазақ тойларында жиі орын алып жатқан небір сорақылыққа ашынып, ақ жаулықты аналардың биін сынға алды.

Тағы оқыңыздар:Қарағандыда танымал емшіні тірідей көміп тастады (видео)

"Үлгі алатын әжелеріміздің түрі мынау?! Ұят!", "Жасы келген апай үшін қандай ерсі көрінеді...", "Бұл енді кішкене артықтау негізі асабалар дұрыс емес ау солар ғой тойды реттестіріп отыратын.Асабаларды кішкене тəртіпке шақыру керек сияқты ойына не келгенін істеп жатыр",-деп жазады олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1570983-toyda-edenge-aunap-bilegen-keyuana-ko.html