Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде әйелін қатты жақсы көретін 40 жастағы ер адам бала туып беретін тоқал іздейді

Опубликовано:

Ақтөбе қаласының тұрғыны екінші әйел іздейді. 40 жастан асқан ер адам өзінің әйелімен 10 жылдан аса бірге тұрады. Араларында бала болмаған. Асырап алған қыздары 6 жаста деп хабарлайды NUR.KZ.

«Ағам екінші әйел алғысы келеді. Уақыт өтіп бара жатыр, баласы жоқ. Өзі үлкен қызметтегі адам. Тәрбиелі, көп қылтың-сылтыңы жоқ қыз бала болса, екінші әйел ретінде алғысы келеді. Баласы бар болса да ештеңе етпейді. Бөлек баспана алып беріп, барлық жағдайын жасайды. Тек бала туып берсе болды»,- дейді ағасына әйел іздеген бауыры.

Айтуынша, ағасы мұнай компаниясында басшылық қызметте. Ер адам алдап кетпейтін қыз іздеу үшін арнайы орталықтарға барған.

Тағы оқыңыздар: Тойда еденге аунаған әжейдің биі көпшіліктің ашуын тудырды  (видео)

«Ақтөбедегі дағдарыс орталықтарына хабарласып, тұрақты байланыс үшін қыз іздеп жүргенімізді айттық. Қыздың қазақы болғанын қалаймыз және екінші әйел болуға келісім беретін адам іздейміз. Ағам әйелін тастап кете алмайды. Жеңгеміз жақсы адам, ағам қатты жақсы көреді»,-дейді екінші әйел іздеген туыстары.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1571014-aqtobede-ayelin-qatty-zhaqsy-koretin-40-zh/

pixel