Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көпшілікке "Аминка-Витаминка" есімімен белгілі болған кішкентай вайнер желіде қалай танымал болды? (фото,видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде түрлі әзілдері мен күлкілі образдары арқылы көпшіліктің көңілінен шығып жүрген – Әмина есімді кішкентай вайнерді, бүгінде танымайтын жан кемде-кем. Бүлдіршін әсіресе, өзінің түрлі образдарды сомдаудағы артистік шеберлігімен жұртшылықты таң қалдырып келеді. Жастайынан елде танымал болып, әйгілі вайнер атанудың қыр-сырын білу мақсатымен, NUR.KZ порталы Әминаның анасы Арай Малғаждармен тілдесіп қайтқан еді.

- Арай, Сіздің қыздарыңыз көпшілікке өмірден алынған түрлі көріністерді шебер орындап, күлкілі образдарды сомдау арқылы танымал болды. Негізі, алғашында бұл кімнің идеясы еді?

Жалпы, мұндай идея бізде болған емес. Бірақ, Әминаның кішкентай кезінде пародияға деген икемі бар екенін байқайтынбыз. Басында, қызымыз жан-жануарларға пародия жасайтын еді, кейін, өсе келе елімізге танымал өнер жұлдыздарын айнымай салатын жағдайға жетті. Бірде кешқұрым уақытта біз үйде «Че там брат» деген бейнежазба түсіріп, оны ғаламторға жүктедік. Дәл осы бейнежазба қазнетте үлкен танымалдылыққа ие болып, қыздарымыз бір-ақ күнде «жұлдыз» болып шыға келді. Содан бері, жолдасым екеуміз балапандарымызбен бірге түрлі тақырыптардағы бейнежазбаларды түсіріп, оны жұртшылыққа таныстырып келеміз.

- Десе де, көпшілік қыздарыңыздың ішінде тұңғыштарыңыз – Әминаны жақсы таниды. Жалпы, қызыңыздың бойыңыздағы мұндай өнер кімнен дарыған? Ал, мінезі жағынан Әмина кімге тартқан?

Артистік шеберлігі Әминаның бойында кішкентайынан-ақ байқалатын. Ал, мінезіне келер болсам ол өте ақкөңіл, мейірімді, көпшіл қыз. Әзілдегенді ұнатады, өзінде емес өзгеде болса екен деп тұрады. 

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде әйелін қатты жақсы көретін 40 жастағы ер адам бала туып беретін тоқал іздейді

- Жалпы, отбасыларыңызда артистер бар ма? Бәлкім, сол кісілерден қыздарға осындай актерлік өнер дарыған шығар...

Жоқ, жанұямызда кәсіби актерлер жоқ. Әмина камера алдында өзін қашан да еркін ұстайтын, ал кішкентайларда оған қарағанда ұяңдық басым болды. Яғни, камера алдында өнер көрсетуге ұялатын. Бірақ уақыт өте келе, әпкесіне қарап, актерлік шеберліктерін шыңдай түсті деп айта аламын. Қазір екеуі де актерлік қабылет жақтарынан, Әминадан асып түспесе кем түспейді.

- Бүгінде вайнерлер көпшілікке кеңінен танымал жұлдыздарға айналып отыр. Болашақта қыздардың осы жолды қуғанын қалайсыз ба?

 Негізі Әмина кішірек күнінен бүгінге дейін артист болғысы келетінін жиі айтады және біз осы вайн арқылы алғашқы рөлдерді сомдап, тіпті, кино, сериалдарға да түсіп үлгердік. Біздің негізгі мақсатымыз да сол – қыздарды болашақта еліне, әлемге әйгілі артист ретінде көргіміз келеді.

- Ал, жақындарыңыз бұған қалай қарады? Қарсы болған жоқ па?

Ата-аналарымыз, жақындардың ешқайсысы қыздардың вайнер атанып, әлеуметтік желілерде танымал болуына қарсы болған жоқ. Керісінше, барлығы бірдей қолдау көрсетті. Тіпті, қыздардың ата-әжелері инстаграмда парақша ашып, олардың ғаламторға жүктелетін жазбаларын күнделікті тамашалап, пікір жазып жатады. Сондықтан, олар да немерелерінің арқасында инстаграмның белсенді қолданушысы болды. Ал, Әмина фильмге түскенде, тіптен немерелерімен мақтанды деп айта аламын.

- Сондай-ақ, Әминаны көп жағдайда танымал өнер жұлдыздарының ортасында байқап қаламыз. Бұған қоса түрлі ролик, жарнамаларға да түсіп жүр. Құпия болмаса, ең көп гонорарларыңыз қанша болды?

Иә, жоғарыда атап өткенімдей Әмина бірнеше фильмдерге, Әдия екеуі жарнамаға түсіп үлгерді. Негізі, осы сауалды бізге жиі қояды. Бірақ бұл сұрақтың жауабын құпия сақтағым келіп отыр. Жалпы, біз жарнама, фильмдерге ақша үшін емес, қыздардың болашақ армандарын орындау үшін түсеміз. Қысқа ғана атап өтейін: аз да, көп те емес, бірақ өзімізге, отбасымызға сол табысымыз да жетеді. Қазірдің өзінде балалар өз-өздерін толығымен қаржы жағынан қамтамасыз етеді деп айта аламын.

Тағы оқыңыздар: Тойда еденге аунаған әжейдің биі көпшіліктің ашуын тудырды  (видео)

- Ал, балаларыңыздың арқасында қаражат тауып, табыс кіргізіп отыр деген пікірлерге қалай қарайсыз?

Көпшілік біздің қыздардың актерлік шеберлігін шыңдауымызға қолдау көрсетіп жатса да, әрине, арасында бұған қарсы шығып жататын адамдар да кездесіп жатады. Олардың дені өзіңіз айтқандай, балалары арқылы табыс тауып отыр деп сөгеді. Бірақ, бір айтарым, біз балаларымыз арқылы табыс тауып отырған жоқпыз, біл солардың болашағы үшін қазірден бастап еңбектеніп жатқан қарапайым ғана ата-анамыз. Біздің орнымызда инстаграм парақшасында оқырманы көп желі қолданушыларының кез келгені дәл осылай жасайтын еді. Сондықтан бұл тұрғыдан ешбір әбестік көріп тұрған жоқпын.

- Болашақта қыздарға «вайнерлік қызмет» мектепке барып, оқуды қолға алған уақытта кедергі келтіреді деп ойламайсыз ба?

Әрине, ол туралы да ойлаймыз. Әминаға алаңдамаймыз, себебі ол зерек, кез келген ақпаратты тез қағып алады. Десе де, біз өз мақсатымызға берік болып қала бермекпіз, яғни, Әминаны қалай даартист қылуға тырысамыз. Ал, оқуға келер болсам, оны да үнемі қадағалайтын боламыз. Себебі, егер оқудағы бағаларымыз төмен болып жатса, оны да сынап-мінейтіндер табылады.

Тағы оқыңыздар: Қарағандыда танымал емшіні тірідей көміп тастады (видео)

- Қыздарға Аминка, Адиока деген есімдерді кім берді?

Аминка, Адиока деген есімнен бұрын, олардың логиндері десем дұрыс болатын шығар. Алғашында менің парақшам @ariokka деген атпен ашылған. Кейін Әминаға да өз парақшасын тіркеп, логинін менің парақшама ұқсас етіп аштық. Сондықтан қыздардың парақшаларының логині барлығы менікімен сәйкес келеді.

- Халқымыз сәбилерге, бүлдіршіндерге байланысты ырым-жоралғыларды берік ұстанатыны баршаға мәлім. Әсіресе, халқымыз бөбектерді жат адамдарға көрсеткісі келмей, яғни «көз тиеді» деп жатады. Бұған қалай қарайсыз? Қыздарға көз тиеді деп ойламайсыз ба? Мүмкін оларға көз тимес үшін, қандай да бір ырым жасайтын шығарсыз?

«Балама көз тимесін» деп айтпайтын ана кемде-кем шығар. Сол сияқты менде де кей кездері қыздарыма көз тие ме деген үрей болады. Сондықтан мен үнемі оларды ұшықтап, жолдарын ашып отырамын. Көпшілік бізге тұмар, білезік тағу керек деп жатады. Не десек те, қандай жағдай болса да, Аллаға сеніп, одан қыздарыма дұға тілеумен боламын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1571046-kopshilikke-aminka-vitaminka-esimime/

pixel