RU

Несиесін төлеуден қашқан қытайлық пластикалық отамен түрін өзгертіп тастады

Қытайдағы Хубэй провинциясының тұрғыны 25 миллион юань несиесін (шамамен 3,7 миллион доллар) төлемес үшін бетіне пластикалық ота жасатқан деп хабарлайды  РИА Новости.

Ухань қаласындағы сот шешімінен кейін 59 жастағы Чжу Нацзюань пластикалық ота жасатып, белгісіз жерде жасырынып қалған.

Агенттіктің ақпаратынша, ол бөтен куәлікпен елдің оңтүстігіндегі Шэньчжэнь қаласына қашып кету үшін поездға билет алып жатқанда ұсталған.

Тағы оқыңыздар: Көпшілікке "Аминка-Витаминка" есімімен белгілі болған кішкентай вайнер желіде қалай танымал болды? (фото,видео)

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, әйел адам суреттегіге мүлдм ұқсамаған.

 

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1571116-nesiesin-toleuden-qashqan-qytaylyq-pl.html