RU

Алматыда газ баллонның жарылуынан бір көлік тұтастай жанып кетті (фото)

Алматыда Шымбұлақ маңында газ баллонның жарылуынан "Тойота Хайлюкс" көлігі толықтай жанып кетті. Денесін күйік жалған жүргізуші емханаға жеткізілді деп хабарлайды қалалық ТЖҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

«29.07.2017ж. сағат 10:27-де Алматы қаласы ТЖҚ "101" нөміріне көліктің мына мекен-жай бойынша жанып жатқаны туралы хабарлама түсті: Медеу ауданы, Горная көшесі, Шымбұлаққа жетпей Медеу маңайы. 

Анықталғандай,  газ баллоны жарылуынан «Тойота Хайлюкс» (пикап)» маркасы зардап шекті, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыздар: Несиесін төлеуден қашқан қытайлық пластикалық отамен түрін өзгертіп тастады

Өрт 10:51-де басталып,  11:00 -де сөндірілді. Оның аумағы 6 квадрат метрді құрады.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1571134-almatyda-gaz-ballonnynh-zharyluynan-bi.html