RU

Антальяның бес жұлдызды қонақ үйі өртеніп кетті

Анталья провинциясындағы Кемерде бес жұлдызды қонақ үй өртенуде. 400 адам қауіпсіз жерге көшірілді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жайлы Haber Turk мәлімдеді, деп жазады RT.

Анықталғандай, өрт қонақ үйдің ас үйінен шығып, ғимараттың басқа бөліктеріне тараған.

Тағы оқыңыздар: Қызыл кілемге іш киіммен шыққан ресейлік әнші жұртты таңғалдырды (фото, видео)

Қонақ үйден шамамен 400 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың ішінде шет елдік туристерде бар. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр.

Өрт салдарынан ресейлік төрт адам зардап шеккен. Түркияның 10 адамы емханаға жеткізілді деп хабарланады.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1571170-antalyanynh-bes-zhuldyzdy-qonaq-uyi-ort.html