RU

Грузияның экс-президенті Порошенконы "саудагер" деп айыптады

Грузияның экс-президенті, Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили Петр Порошенкомен араласуын өзінің басты қателігі деп мәлімдеді.

«Менің ең басты қателігім - ең басында Порошенконың ойын аңғара алмауым. Оның ойы өте қарапайым, ақша табу ғана. Ол таза саудагер.

Мен президент әкімшілігінде жұмыс жасадым. Ол жұмыс орынында өзінің жеке бизнесінің жұмыстарын істеп отыратын. Петр Порошенко мен Арсен Аваков Украинаны екіге бөліп алды» - деді Михаил Саакашвили "Украинская правда" басылымына берген сұхбатында.

Тағы оқыңыздар: 69 жастағы зейнеткер екінші мәрте бір млн доллардың иесі атанды

Естеріңізге салайық, Украина президенті Петр Порошенко шілденің 26 күні Михаил Саакашвилиді Украина азаматтығынан шығарып тастаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1571438-gruziyanynh-eks-prezidenti-poroshenkon.html