RU

Түн ішінде жаяу жүргіншіні бөлшектеп кеткен қылмыскер қолға түсті

Алматының полиция қызметі Әл-Фараби даңғылында түнде жаяу жүргіншіні қағып өлтірген Mercedes көлігінің жүргізушісін анықтады.

Жүргізуші жол апаты орнынан қашып кетіп, көлігін қала көшелерінің бірінде тастап кеткен. Алайда, ІІД-де хабарлағандай, 30 шілдеде ол анықталып, ұсталды.

"Түнгі 2:20 —да Мерседес көлігі Әл-Фараби даңғылымен шығысқа қарай келе жатып, Сейфуллин көшесіне жетпей жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Соның салдарынан 1969 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Жол апатынан соң қылмыскер оқиға орнынан қашып кеткен. Біраз уақыттан соң жүргізуші табылып, ұсталды", —деп хабарлады полицияда.

Тағы оқыңыздар: Балаларды улы шөп жинауға мәжбүрлеген интернат тексеріліп жатыр

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлімімен, 347-бабымен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу ісі реестріне тіркелді.

Алматы қаласы ІІД басқарма басшысы Рустам Әбдірахмановтың сөзіне қарағанда, сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар сараптама мен зерттеулер жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1571675-tun-ishinde-zhayau-zhurginshini-bolshektep.html