RU

Түрік әйелдері жабық киінуді талап еткен ерлерге қарсы шеруге шықты (фото)

Стамбұл көшелерінде жүздеген әйел ерлердің зорлық-зомбылығына және ұлттық киім киюін талап етуіне қарсы шеруге шықты.

Рейтер агенттігінің жазуынша, әйелдер «Менің талғамыммен таласпа!», «Біз бағынбаймыз, үнсіз де қалмаймыз, әрі қорықпаймыз! Біз қарсылықпен жеңіске жетеміз» деген ұранмен шыққан.

Қолдарына кейбір еркектер «ыңғайсыз киім» атап кеткен шортыларды іліп шыққан әйелдер өз қарсылықтарын білдірді.

Тағы оқыңыздар: Грузияның экс-президенті Порошенконы "саудагер" деп айыптады

Қарсылық акциясын ұйымдастырушы агенттіктің мәлімдеуіне қарағанда, әйелдер өздеріне жасалған қысым мен таңдауларына жасалған озбырлыққа қарсы шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1571686-turik-ayelderi-zhabyq-kiinudi-talap-et.html