RU

Рөлде ұйықтап кетіп, фурамен соқтығысқан қостанайлық жүргізуші тіл тартпай кетті (фото)

"Москвич" жүргізушісі Рудныйдан Ленинск ауылына бара жатқан кезде фурамен соқтығысты деп жазады өңірлік "Алау" басылымы.

Екі ағайынды жігіт үйлеріне ремонт жасауға құрылыс заттарын алып Рудныйдан Тарановск ауылына бара жатқан. Жолда "Москвич" жүргізушісі – 49 жастағы ер адам рөлде ұйықтап кетіп, салдарынан фурамен бетпе-бет соқтығысады.

Тағы оқыңыздар: Гүлнәр Кәрімованың қорғаушысы оның қайда екенін білмейтінін айтты

Ер адам оқиға орнында көз жұмған. Оның інісі бет жарақатын алды.

Қаза тапқан ер кісінің артында қызы қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1572005-rolde-bayqamay-uyyqtap-ketip-furamen.html