Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кек қайтару үшін 16 жастағы қызды зорлауға бұйрық берген пәкістандық азамат ұсталды

Опубликовано:

Пәкістан полициясы ауыл кеңесінің басшысы мен орталық кеңестің 23 мүшесін ағасының қылмысы үшін 16 жастағы қызды зорлауға бұйрық берді деген күдікпен ұстағанын мәлімдеді.

Полицияның ресми өкілі Шабин Карим кеңес басшысы Саид Патвари мен ауыл кеңесінің мүшесі Раджа Пур Мултан қаласының маңында тұтқындаған.

Каримнің сөздерінше, ұсталғандардың бәрі шілде айында болған кеңеске қатысыпты. Онда Саид Патвари Мохаммад Ашфакқа өзінің қарындасын зорлаған Омар Ваддадан кек алу үшін оның да 16 жастағы қарындасын зорлауға бұйрық берген.

Полиция қызметкері Алла Бакш олар бір-бірлеріне туысқан болып келетінін айтады. Ақпаратқа қарағанда, Ашфак пен Вадда да әлі бостандықта жүр.

Тағы оқыңыздар: Гүлнәр Кәрімованың қорғаушысы оның қайда екенін білмейтінін айтты

Пәкістандық Dawn газеті 16 жастағы қызды ата-анасының, ақсақалдар кеңесі мүшелерінің алдында зорлады деп жазады. Полицияның хабарлауынша, медициналық сараптама екі оқиғада да қыздардың зорланғанын растаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1572023-kek-qaytaru-ushin-16-zhastaghy-qyzdy-zorlau/

pixel