Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Беспаев Баян Есентаеваның кітабын ешқашан оқымайтынын айтты

Опубликовано:

Ешқандай БАҚ-қа сұхбат бермейтін Мейрамбек Беспаев алғаш рет елге жан дүниесін мазалап жүрген жайттар туралы сыр бөлісіп, өзінің сүйікті тыңдармандарына салиқалы әңгімесін ұсынды. "Жұлдыз ТВ" арнасына берген сұхбатында ол өмір, поэзия, өнер, сонымен бірге шоу бизнесте орын алып жатқан түрлі олқылықтарға тоқталып өтті. Осы орайда ол Баян Мақсатқызының кітабына қатысты да өз пікірін білдірді.

Бүгінде Баян Есентаева, Айгүл Иманбаева, Ләйлә Сұлтанқызы және Зарина Омарова сынды шоу бизнес өкілдерінің өз өмірі туралы сыр шертіп, кітап жазғаны белгілі. Осы орайда Мейрамбек Беспаев олардың кітабын ешуақытта оқымайтынын айтты.

"Мен әйел адамдардың кітабын оқи алмайтын шығармын өмірде. Оқығым келмейді. Себебі біреудің өміріне араласқым келмейді. Оның өмірінде не боп жатқанын айтып, пыш-пыш ету маған жараспайтын шығар. Оқысам қазақ ақын қыздарының өлеңдерін оқимын. Фаризаны оқыр едім. Қазіргі замандастарымның ішкі жан дүниесінде не болып жатқанын білгім келмейді.

Тағы оқыңыздар: Теміртаулық полицей "ірі шенеунікке" бола супермаркет клиентін күшпен қуып жіберген (видео)

Қазір жаппай бір-екі қызға көп қаракөздеріміз үңіліп жатыр, солардай болғысы келеді. Мысалы, Динара Сәтжан, Баян Есентаева сияқты. Ол жақсылыққа апара ма, жамандыққа апара ма, мен білмеймін. Бірақ көбінесе біздің қаракөздеріміз солар сияқты болғысы келіп жүр. Солар тәрбиелеп жатыр.

Жалаңаш бейнесін көрсету, оның өзін ұят емес дегенге келтіру, кейбір жерлерде әдептерден кетіп қалып жатыр. Осы сәнге айналып жатыр. Мені оның барлығы қынжылтады. Мен ондайларды оқымаймын", - деді Мейрамбек Беспаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1572083-meyrambek-bespaev-bayan-esentaeva-siya/

pixel