RU

АҚШ-та көлік ішінде қалған екі бүлдіршін аптап ыстыққа шыдамай көз жұмды

АҚШ-тың Аризона штатында аптап ыстық кезінде екі қайғылы оқиға болды деп жазады 24.kz.

Бірінде әкесі бір жасқа толмаған сәбиді көліктің ішінде бірнеше сағатқа ұмытып кетіп, бала ыстыққа шыдамай көз жұмған.

Тағы бір жанұяның ата-әжесі өздеріне тапсырып кеткен 7 жасар баланы көлікте 4 сағатқа ұмытып кетіп, ол да шыжыған ыстықтан бақилық болған.

Тағы оқыңыздар: Рөлде ұйықтап кетіп, фурамен соқтығысқан қостанайлық жүргізуші тіл тартпай кетті (фото)

Осы екі оқиғадан кейін шаһар полициясы ата-аналарға балаларды көлікте қараусыз қалдырмау керектігін айтып, ескерту жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1572117-aqsh-ta-kolik-ishinde-qalghan-eki-buldirsh.html