RU

Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан танымал тележүргізуші өзін сынағандарға жауап берді (фото)

"Атамекен" арнасының танымал тележурналисі Арай Әлімхан өзін өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққаны үшін қатаң сөгетіндерге жауап берді. Тележүргізуші бәріне себепші –махаббат екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Маған күнделікті қоятын сұрақтардың бірі "Арай, сондай керемет жансың, қазақ жігіт таппадың ба?"

Дұрыстап тұрып түсіндірейін. Әңгіме қазақ жігітті іздеп табуда емес. Шүкір, небір шенеуніктіктің ұлдары, елге танымал жұлдыздар немесе Форбс қатарына кірген жігіттер артымнан талай жүгірді. Ондайлар әлі де бар.

Егер мен ақшаға қызықсам, дүниеқоңыз болсам, суреттегі жігітке қарамас та едім. Жоғарыдағылардың біріне тие салып, сіз де, біз де мәз болар едік. Мен қазақ жігітін жаман демеймін, өйткені әкем бар, бауырым бар,туған-туыс, алтындай жезделерім бар",- дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Теміртаулық полицей "ірі шенеунікке" бола супермаркет клиентін күшпен қуып жіберген (видео)

Арай адамдарды ешқашан ұлты мен дініне қарап бөлмейтінін алға тартады.

"Жалпы адамды нәсіліне, ұлтына, дініне қарап бөлмеймін. Мен үшін барлық адам бірдей 12 мүшеден тұрады, бірдей саналы. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мінез-құлқында, тәрбиесінде және сана-сезімінде.

Тұрмыста болып, ажырассам да, өзімнің ұлымның әкесін жаман демеймін. Ол жақсы адам, Құдай оған тек бақыт берсін. Жақсы болса, неге айырылыстық дейсіздер. Оған себеп көп және оны сіздердің білулеріңіз дұрыс болмас. Мені өмір бойы мәз-мейрам болып жүрген қыздар қатарынан деп ойлайтын шығарсыздар. Бұл - қате пікір, талай қиындық кешіп, тіпті өмірден түңілген кездерім де болған. Сондай кездері мені қиындықтан "шығарып" алған жандарға алғысым шексіз", - деп жазады тележүргізуші.

Тағы оқыңыздар: Қарапайым қазақстандықтардың ақылы еңбек демалысы той жасап, кредит жабумен өтіп жатыр

Ол өздерінің бақытты екенін және таңдаған азаматының ұлына өз баласындай қамқор болып жүрген жаны таза азамат екенін айтады.

"Бар айтпағым, бұл жігітті таңдауыма - жүрек себеп. Санаммен ойласам, таңдамас едім. Өйткені қазақи ортада тұратын туған-туыстың реакциясын білемін. Өзімнің ата-анам бір жылға жуық қабылдай алмай келді. Сондықтан, бұл - нағыз жүрек қалауы.

Оның мінезі, маxаббатқа толы көзі, кішіпейілділігі мен жанының тазалығы, ой-өрісінің кеңдігі шексіз. Мені ренжітіп алуға қорқады, ұлым мен сіңілімді өзінің баласындай жақсы көріп, маған барынша көмегін беруде.

Басқа қызға қарамақ түгілі, ешкімді байқамайды да. Оның қасында мен жыртың, ол салмақты. Біз бақыттымыз, және бізге осы сезімді, жанымыздың жайлылығын кешіре біліңіздер. Сіздерге де теңіңізді тауып, жаныңызға сая болатын адам әрқашан табылсын деп тілеймін!", - дейді ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1572130-ozge-ult-okiline-turmysqa-shyqqan-tany-2.html