RU

Отандық журналист Есентаеваны Жазушылар Одағының хатшысы етуді ұсынды

Махамбет Ерғали есімді отандық журналист атышулы продюсер Баян Есентаеваны Жазушылар одағының мүшесі етуге ұсыныс жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

"Құрметті Нұрлан Оразалин мырза! Мен сізге бір ұсыныс айтқым келіп отыр. Баян Есентаеваны Жазушылар одағына мүшелікке қабылдасаңыздар. Біріншіден, бүгінде Жазушылар одағы деген аты ғана қалды ғой. Соңғы кездері жазушылардың өзара қырқысқан, жауласқан айқау-шу мақалаларын ғана оқып жүрміз. Нақты жұмыс істеп жатқан болар, алайда біз, қарапайым оқырман, ол туралы естіп жүргеніміз жоқ. Қаптаған мүшәйра мен сыйлық. Және байқасам көбінде сол бір адамдар айналып кеп ала береді", - деп бастаған сөзін ол.

Тағы оқыңыздар: Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан танымал тележүргізуші өзін сынағандарға жауап берді (фото)

Журналист осы уақытқа дейін Баянның кітабындай халық арасында сұранысқа ие болған кітап болмағанын алға тартады.

"Бірде бір жазушының кітабы осылай сұранысқа ие болмады. Одақтың аты шығады. Онсыз да одақта не көп, мүше көп. Соның бәрі мықты жазушы дегенге өзіңіз де сенбейтін шығарсыз. Есентаеваны мүше етіп, өзіңізге орынбасар ма, әлде хатшы етіп пе алсаңыз, тым құрыса, одақ туралы еститін боламыз ғой",-  деп жазады ол.

Еске салсақ, жуырда ғана Баян Есентаева автобиографиялық "Баян" атты кітабын шығарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1572214-zhurnalist-esentaevany-zhazushylar-oda.html