RU

Бір-бірімен араласпай кеткен "Нұр-Мұқасан" тобының әншілері татуласты

Нұр-Мұқасандық жігіттер татуласты. Топ әншісі Мұқасан Шахзадаев қайта бірігуі туралы ойды жоққа шығармайды. Жылдар бойғы достық пен бірге атқарылған шығармашылық жұмыс жолда қалмаған деп хабарлайды hit.tv арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Уәде бермеймін. Бірақ бәрі мүмкін ғой. Бірге шығып та жатармыз, жалпы қазіргі таңда мен өз шығармашылығыммен айналысып жатырмын", - дейді Мұқасан.

Осы күндері жеке әншілікпен айналысып жүрген Мұқасан Шахзадаев Нұрлан Қонысбаевпен бір сахнада жолығып қалатынына сенімді.

Тағы оқыңыздар: Журналист Есентаеваны жазушылар одағының хатшысы етуді ұсынды

Еске салсақ, 26 жыл бір топта ән салған жігіттер 2016 жылы топтың тарағанын мәлімдеді. Олардың мұндай шешім қабылдауына өзара келіспеушілктер себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1572379-nur-muqasan-tobynynh-anshileri-tatulas.html