Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір үйдің әпкелі-сіңлілі қызын алған ағайындылар ортақ тойды дүркіретіп өткізді (фото)

Опубликовано:

Апалы-сіңлілі Әйгерім мен Әлия ағайынды Нұркен мен Нұрсұлтанға бір күнде тұрмысқа шығып, үйлену тойын да бір күнде жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Әлия Нұрсұлтанмен үш жыл бойы кездесіп жүрген. Ал оның әпкесі болашақ жары Нұркенмен бір жыл бұрын ортақ достарының тойында кездескен.

Тағы оқыңыздар: Мейрамбек Беспаев "Гәкку" арнасының жасаған "қастандығы" туралы ашық айтты

Ағайынды қос күйеу жігіт қыздарға 8 наурыз мейрамы қарсаңында үйлену туралы ұсыныс жасаған. Ал әпкелі-сіңлілі Әйгері мен Әлия олардың бұл ниеті туралы кейін естіген.

Кейіннен жас жұбайлар АХАЖ-ға барып, некесін жаңдастырған. Ал тойды олар бір күнде өткізуді жөн санаған. Той Алматыдағы мейрамханалардың бірінде 22 шілдеде болды.

Тойды бір күнде өткізу идеясы олардың туыстары ортақ болғандықтан пайда болған.

Қос жұптың ата-анасы да олардың бұл шешіміне ризашылықпен қараған. Әйгерімнің айтуынша, тойға шамамен 250 қонақ келген.

Тағы оқыңыздар: Отандық журналист Есентаеваны Жазушылар одағының хатшысы етуді ұсынды

Тойдан кейін олар бір үйде тұруда.

Ал үйдің кенже келінін атанған Әлияны ата-анасы дәстүр бойынша терезеден көтеріп кіргізген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1572715-bir-uydinh-apkeli-sinhlili-qyzyn-alghan/

pixel