RU

Алла Пугачеваның немересіне айтқан тілегі желіні шулатты (видео)

Жуырда ғана Алла Пугачеваның немересі Никита Пресняков отау құрған. Жас жұбайларға айтқан әншінің ақ тілегі әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыға түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Отбасылық өмірдің заңы, ұрсысып қалған болсаңдар ешқашан үйден кетпеңдер. Басқа бөлмеге барыңдар, есікті жауып алыңдар, сыртынан қағыңдар. Әйтеуір ол бөлмеден бір уақыт өткенде шығасың, бірақ ешқашан үйден кетуші болмаңдар. Естеріңде сақтадыңдар ма?!

Тағы оқыңыздар: Еврейлердің көп жалақы алатынын жазған британдық журналист жұмыстан қуылды

"Аленка, музыканттың жары болу оңай емес. Музыкантқа махаббат, қолдау мен дұрыс тамақтану ғана қажет. Бәрі бір қарасаң оңай сияқты.Сенің отбасын қолында ұстай алатын мықты әйел екенің көрініп тұр. Сол себепті сен отбасын ұста, ол болса қолында микрофонын ұстасын", - деді әнші немере келініне.

Алла Борисовна қонақтарға Никита мен Аленаның бақта танысқандарын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1572726-alla-pugachevanynh-nemeresine-aytqan-t.html