RU

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

Жаз маусымы келгенде еңбек демалысына шығып, ыстық ауа райы мен теңіздегі демалысқа асығушылар қатары көбейеді. Біреулер өз елімізде демалғанды жөн көрсе, қалтасы көтере алатын жандар басқа елде демалғанды жөн көреді. NUR.KZ порталы биылғы жазын шетелде өткізген танымал адамдар топтамасын ұсынады.

Еліміздегі ең сұлу бойдақ жігіт Тәуекел Мүсілім алдымен Мальдив аралдарына, кейіннен Түркия еліне демалысқа барды.

Тағы оқыңыздар: Бір үйдің әпкелі-сіңлілі қызын алған ағайындылар ортақ тойды дүркіретіп өткізді (фото)

Атышулы "Кешью" тобының  экс-солисі Жұлдыз Өмірғали мен Айқын Төлепберген жазғы демалыстарын Түркия елінде өткізгенді жөн көрген.

Әнші әрі актриса Салтанат Бақаева жарымен бірге Еуропа еліне саяхаттады.

Тағы оқыңыздар: Доллар 450 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін деген қауесет қаншалықты рас?

Биыл ата-ана атанған Арман Қоңыр мен Аша Матай отбасымен Түркияда жүр.

"Ал-Давай" тобының солисі Шоқан Маратұлы мен Әнел Баталова бал айларын Еуропа елінде өткізіп жүр.

Актриса Гүлшарат Жұбаева отбасымен бірге Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып келді.

Тағы оқыңыздар: Елді шулатқан жұп: Отандық экстрасенс Жұлдыз бен Айқын туралы өз "шындығын" айтты

Баян Есентаева кенже қызы Айару және сүйіктісі Тұрсынмен бірге  Санкт-Петербург қаласына барды.

Елдің сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаев Анталья қаласына саяхаттап қайтты.

Жуырда ғана Қырғызстанда концерт беріп келген Қайрат Нұртас Италияда жүр.

Бір тойда 15 мың доллар гонорар алатын Тұрсынбек Қабатов бала-шағасымен Түркия елінде жазғы демалысын өткізуге кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1572749-biylghy-zhazda-demalysyn-shetelde-otkiz.html