RU

ОҚО-да өзін-өзі "ұрлатқан" жас жігіт масқара болды

ОҚО-да Сайрам ауданының тұрғыны өз-өзін "ұрлап", масқарасы шықты. Полицейлер өзін жоғалғандар қатарына жатқызған жас жігітті ұстады. Кейін жігіттің осындай жолмен ақша жұмсағысы келгені анықталды деп хабарлайды otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

27 шілдеде Сайрам аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын Шымкентке тауарға кетіп, қайтып орламаған 1995 жылғы туысын іздеп шағым түсірді.

Тағы оқыңыздар: Семейде полицейден қашқан қыз көліктен құлап, тіл тартпай кетті (видео)

Жоғалған адамның қайда жүргенін анықтау үшін полицейлер қаланың барлық ішкі істер бөлімдеріне бұл туралы ақпарат таратты. Сол күні Шымкент-Шаян тас жолының бойынан тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған адамның алдыңғы терезесі сынған автокөлігі мен қалта телефонын тауып алды.

Бұл дәйек бойынша Қылмыстық кодекстің "Адам ұрлау" бабы бойынша іс қозғалды.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Сайрам ауданының полицейлері із-түзсіз жоғалған 22 жастағы жігітті Қызылорда қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен тауып, ұстады.

Жас жігіттің айтуынша, ол өзінің жоғалуын өзі қолдан ұйымдастырып, тауарға деп берген ақшаны өз қажетіне жұмсамақ болған.

Қазіргі таңда полицейлер болған жайтқа не түрткі болғанын, және осыған қатысты басқа да жайттар анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1572760-oqo-da-ozin-ozi-urlatqan-zhas-zhigittinh.html