RU

Доллар 450 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін деген қауесет қаншалықты рас?

Парламент мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжан Жамалов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында девальвация болуы мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді.

"Қазіргі уақытта БАҚ-тарда Tele Trade Central Asia сарапшыларының "жыл соңына ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 420-450 теңге болады" деген мәлімдемесі кеңінен жарияланып жатыр. Tele Trade компаниясының сарапшылары "ЭКСПО аяқталады", "банктерге қаржылық шығындарды өтеу керек" cияқты негіздерге сүйеніп осындай мәлімдеме жасап отыр. Бүгінде теңге еркін айналымда. Оған екі негізгі фактор әсер етіп отыр: 1) мұнай бағасы; 2) рубльдің долларға қатысты бағамы", - деп атап өтті депутат.

Тағы оқыңыздар: Семейде полицейден қашқан қыз көліктен құлап, тіл тартпай кетті (видео)

Сондай-ақ, мәжілісмен 2017 жылдың 28 шілдесінде АҚШ-тың Ресейге қатысты енгізген санкциясынан кейін де (1 доллар 60 рубльге тең) ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 330 теңге болатынын айтты.

"Осылайша, теңгенің долларға қатысты бағамы жыл соңына дейін 330-340 теңге шамасында болады деп болжауға болады", - деді мәжілісмен Аманжан Жамалов.

Еске сала кетейік, қаржы сарапшылары доллар құны 450 теңгеге көтерілуі мүмкін деп болжаған еді. Олардың болжамынша, теңге бағасы әсіресе, қарашаның соңына қарай сыр беруі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1572762-dollar-450-tenhgege-deyin-koterilui-mumki.html