RU

Жол үстінде квадроциклмен жарысқан танымал актер жантүршігерлік жол апатына түсті

Танымал ресейлік актер Алексей Гришин досымен бірге квадроциклмен жарысқа түсіп, нәтижесінде апатқа ұшырады деп хабарлайды ресейлік басылымдарға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алдын ала дерек бойынша, актер көптеген жарақаттармен ауруханаға түскен. Сонымен бірге оның өзімен жарысқан досы оқиға орнында мерт болғаны туралы ақпарат тараған.

Тағы оқыңыздар: Елді шулатқан жұп: Отандық экстрасенс Жұлдыз бен Айқын туралы өз "шындығын" айтты

Mash телеарнасының хабарлауы бойынша, Алексей Гришин мен оның досы қатты жылдамдықпен келе жатқан квадроциклдің аударылып қалуы себепті жолдың шеткі бөлігіне ұшып кеткен.

 

Еске салсақ, Алексей Гришин "Брат-2" фильмі арқылы танылған. Сонымен бірге ол ондаған телехикаларда да ойнаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1572843-zhol-ustinde-kvadrociklmen-zharysqan-t.html