RU

Нұрәли Әлиев жаңа қызметке тағайындалды

Нұрәли Әлиев Қазақстанның альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясын басқаратын болды деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыда альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Онда ұйымның жаңа президенті мен федерация президиумының жаңа құрамы сайланды.

Федерация конфедерациясының шешімімен Нұрәли Әлиев ұйымның жаңа президенті атанды. 

Тағы оқыңыздар: Доллар 450 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін деген қауесет қаншалықты рас?

Федерация президиумының жаңа құрамы бекітілді: Федерацияның қамқорлық кеңесінің төрағасы Б.Имашев, вице-президенті, бас хатшысы К. Валиев, бірінші вице-президенті Б. Жүніс және вице-президенті С. Искакова, А. Скопин, С. Беляков и В. Селиванов болды.

Конференция барысында федерацияның жаңа жетекші құрамы спорттық құзға өрмелеу мен альпинизмнің 2017-2020 жылдарға арналған даму жоспарын қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1572882-nazarbaevtynh-nemeresi-zhanha-qyzmetke.html