RU

Мінсіз мүсінін көрсеткен Кәмшат Жолдыбаева тағы да желіні шулатты (фото, видео)

Ашық көйлектегі образдары үшін көрермен сынына көп ұшырайтын Кәмшат Жолдыбаева бұл жолы купальниктегі бейнесімен көпшілік тыңдармандарының қызу талқысына түсті деп хабарлайды NUR.KZ. 

Желі қолданушылары әншінің тым ашық суретін салуын қатаң сынап, қазақтың бетке ұстар қыздарының мұндай суреттерді салмағаны дұрыс екенін жарыса жазып жатты.

Тағы оқыңыздар: Алла Пугачеваның немересіне айтқан тілегі желіні шулатты (видео)

"Шамалы болсын етектеріңізді жауып жүріңіздерші. Сіздерге қарап жас қыздар өседі ғой..."," Көпшіліктің алдына мұндай ашық суреттер жариялағаны ұят енді"," Кинода қазақтың текті қыздарының рөлін ойнаған адамның түрін қара. Масқара! "Әкем мен ағаларым мені көреді деп ойламай ма екен?!", - деп жазып жатты олар.

Әншінің барлық адамдар сияқты суға түсіп жүргенін айтып, оған сын айтқандарға қарсы жауап берген оқырмандар да табылып жатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1572944-kamshat-zholdybaevanynh-kupalniktegi.html