RU

Ақтөбеде 1,5 жастағы бүлдіршінді балабақшада жеті жерінен тістеп тастаған (фото)

Ақтөбеде жеке балабақшалардың бірінде тәрбиеленетін 1,5 жастағы Дилназды екі жастағы ер бала жеті жерінен тістеп тастаған. Көкала қойдай болған бүлдіршіннің қазір жағдайы нашарлап кеткен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Оқиға өткен аптаның жұмасында болды.

«Баланы мүлде қарамаған. Жеті жерінен тістеген. Шыңғырып жылғана балаға ешкім көмекке келмеген болып тұр. Қызымды құлатып, үстінің барлығын тістегенше ешкім қарамаған. Баланың үстінде құлаған іздер де бар. Қызымыздың жағдайын көріп өзіміз шошып отырмыз», - дейді анасы Айдана Ақдәметова.

Тағы оқыңыздар: Алматы әуежайында қойылған эротикалық видео жаға ұстатты (видео+18)

Оқиға болған күні балабақша басшылығы арыз жазбауды өтініп, кешірім беруді өтінген соң ата-анасы келісе салған.

«Біз жағдай бұлай ушығады деп ойлаған жоқпыз. Баламның жағдайы қиындап кетті. Түнімен ұйықтамай жылап шығады. Шошып қалған. Кіші дәретін жіберіп қойып жүр. Көзінің үсті көгеріп, ерні жыртылып тұр. Баланы дәрігерге де, қазақы емге де апарып жүрміз. Басында арыз жазбауға келісім берген едік. Енді әркім заң алдында жауап беру керек деп ойлаймыз. Мен бүгін прокуратураға арыз түсіремін. Балабақшадан моральдық, материалдық шығын сұрайтын боламын. Себебі, қызымның еміне ешкім көмектескен жоқ. Мен ол балабақшада жағдай жақсы деп таңдап берген едім. Айына 40 мың теңгені бекерден төлеп отырған жоқпын», - дейді ашынған қыздың анасы.

Балабақша басшылығы жағдайға жауап беруге тиіс тәрбиешіні жұмыстан шығардық деп те ата-ананы алдаусыратқанға ұқсайды.

«Мен бүгін ғана балабақшаға бардым. Тәрбиешінің бала қабылдап тұрғанын көзіммен көрдім. Жоғары деңгейде қызмет көрсетуге тиіс балабақшадағы бұл жағдайға көз жұмып қарамаймыз. Заң алдында жауап беруін талап ететін боламын», - дейді Айдана Ақдәулетова.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да өзін-өзі "ұрлатқан" жас жігіт масқара болды

1,5 жастағы кішкентай Айдана қазір балабақшаға барудан қорқып, үйінде ем қабылдап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1572985-aqtobede-15-zhastaghy-buldirshindi-balaba.html