RU

Анасының көзінше әкесі мен інісін өлтірген ақтөбелік соттан өзіне кешірім беруді сұрады

Ақтөбедегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мас күйінде әкесі мен бауырын пышақтап өлтірген Медет Тапаев соңғы сөзін айтты. Ол білместікпен қылмыс жасалғанын айтып, соттан кешірім беруді сұрады.

«Маған тағайындалған жазаны жеңілдетуді сұраймын. Қастандық болған жоқ. Әдейі жасаған емеспін. Ондай әрекетке бару ойымда болған жоқ. Қателік болды... Кешірім беруді өтінемін. Жағдайға өзімнің де жүрегім ауырып жүр, өкінемін. Мен мамама көмектескім келеді. Бостандықта болып жұмыс жасағым келеді. Кешіріммен қараңыздар», - дейді Медет Тапаев соңғы сөзінде.

Осыған дейін хабарлағанымыздай қылмыстық оқиғаға қатысты жарыссөз кезінде сотталушының анасы баласынан қорқатынын, соттан баласына кешірім бермеуін жалынып сұраған болатын.

Мемлекеттік айыпталушы соттан әкесі мен бауырын аяусыздықпен бірнеше жерінен пышақтап өлтірген сотталушыны 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Сотталушы прокурордың жазасын естіген кезде өзінің әрекеті үшін әкесін кінәлаған болатын.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде 1,5 жастағы бүлдіршінді балабақшада жеті жерінен тістеп тастаған (фото)

«Менің бұлай болуыма әкемнің өзі кінәлі. Үнемі мені төмендетіп, неше түрлі сөздер айтады. Менің бұрыңғы соттылығымды, жұмыссыз екенімді үнемі бетіме басады. Кішкентай кезімнен оның тек балағаттағанын естіп келемін. Тәрбиеміз дұрыс болған жоқ. Мас кезімде әкем көсеумен ұрған кезде өзім не болғанын білмей қалдым», - дейді сотталушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1573061-anasynynh-kozinshe-akesi-men-bauyryn-ol.html