RU

Қос бірдей аяғынан айырылған алматылық қыз ауруханадан шықты (фото)

Жол апатында қос бірдей аяғынан айырылған алматылық Екатерина Парафиева ауруханадан шықты. Бұл туралы бойжеткен желідегі парақшасында хабарлады деп жазады NUR.KZ.

"Үйіне қуана қайтып бара жатқан адам - ол мен! Ауруханадағы тыныштықтан шаршадым. Кеше дәрігерден ауруханадан шығуым мүмкін екені жайлы естігенімде қуанышымда шек болмады. Маған қолдау білдірген дәрігерлерге және аурухананың барлық қызметкерлеріне алғысым шексіз. Енді үйде боламын. Барлығына біртіндеп үйренуім қажет. Достар сіздерге, сіздердің қолдауларыңызға рақмет!", - деп жазды Парафиева Instagram желісіндегі парақшасында.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде 1,5 жастағы бүлдіршінді балабақшада жеті жерінен тістеп тастаған (фото)

Еске сала кетейік, 16 маусымда Алматының әл-Фараби даңғылында Тұңғыш президент саябағының маңында жантүршігерлік жол апаты болған еді.

Естеріңізге сала кетсек, жантүршігерлік жол апаты 16 маусым күні Әл-Фараби даңғылында болған. Honda кроссоверінің жүргізушісі мен жолаушысы жол ортада тоқтап қалған көліктен түсіп, көмек күтіп тұрған: автокөлік сынған кәріздік құдықты басып, дөңгелегі жарылып кеткен екен.

Сол сәтте қарама-қарсы бағыттан Toyota шыға келеді де, жолаушылар автобусы оны Honda көлігіне қарай бір-ақ ығыстырады. Салдарынан екі қыз көліктердің арасына қысылып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1573121-zhanturshigerlik-zhol-apatynda-qos-bird.html