RU

Елімізде ең жоғары жалақыны қай саланың мамандары алады?

2017 жылдың 2-тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 149 951 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,4%-ды, ал нақты жалақы индексі 97,1%-ды көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Салалар бойынша ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде (315,3 мың теңге – орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте (253,2 мың теңге – 1,7 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында ( 222,4 мың теңге – 1,5 есеге асты), өнеркәсіп саласында (202,3 мың теңге – 1,3 есеге асты), құрылыс саласында (184,9 мың теңге – 1,2 есеге асты) тіркелді», - деп жазылған баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ең төменгі атаулы жалақыны ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлері алады – 88,3 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 41,1%-ға төмен.

Тағы оқыңыздар: Қос бірдей аяғынан айырылған алматылық қыз ауруханадан шықты (фото)

Өңірлер бойынша ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында – 253,9 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе көп.

Жамбыл облысында бұл көрсеткіш 103,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,3%-ға төмен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1573162-elimizde-enh-zhoghary-zhalaqyny-qay-salan.html