RU

Қорғаста қытайлар жайлап алған жасырын казино табылды (фото, видео)

Қорғаста жасырын казино анықталды. Заңсыз ойынхана Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының телефон станциясы ғимаратынан табылған деп хабарлайды КТК арнасы.

Астыртын казино ғимараттың жертөлесінде екен. Жер иіскеп жатқан отызға тарта адамның арасында ойынхана қызметкерлері өз азаматтарымыз болса, ақшасын шашып, қызығына батып жүргендер Қытай азаматтары екен.

Тағы оқыңыздар: Елімізде ең жоғары жалақыны қай саланың мамандары алады?

Тексеріс барысында ойынхана ішінен «Бакара» деп аталатын қытайлық покер ойынына арналған 9 үстел, 31 жүйелік блок, мыңнан аса ойын фишкалары мен жүз дана ойын карталары табылды. Одан бөлек, ақша санайтын 2 аппарат мен 3 РОS-терминал бары анықталды.

"Қылмыстық кодекстің 307 бабына сәйкес, тек ойынхананы ұйымдастырушыларға ғана емес, бұл ғимаратты жалға өткізген азаматтарды да осындай қылмыстық жауапкершілікке тарту жазасы қарастырылған", - дейді Алматы облысы мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің өкілі Жақсылық Мырзахан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1573210-qorghasta-qytaylar-mekendegen-zhasyry.html