RU

Алматы облысында басына ағаш құлап кеткен сәби ауыр жарақаттан көз жұмды

Кәрі ағаш сәбидің өліміне себеп болды. Алматы облысында кепкен талдың бұтағы 1 жасар баланың үстіне құлап кеткен. Нәтижесінде нейрохирургтың келуін төрт сағат күткен ата-ана сәбиінен көз жазып қалды деп хабарлайды КТК арнасы.

Қарағаш анасының қолында келе жатқан нәрестенің тура басына түсіпті. Салдарынан, ол бірден есінен танып, ауруханадағы жан сақтау бөлімінде шетінегендеп хабарлай Қара жамылған ата-ана ақ халаттыларды да, жасыл желекке жауаптыларды да кінәлап отыр. Айтуларынша, ауруханада бір дәрігерді 4 сағат күткендіктен, баланың жағдайы нашарлап кеткен. Ал ағаш кескіштер өз жұмысына немқұрайлы қарамағанда мұндай болмас па еді дейді олар.

Тағы оқыңыздар: Қорғаста қытайлар жайлап алған жасырын казино табылды (фото, видео)

Қайғылы оқиға өткен сейсенбіде болған. Ал, 1 жасар бүлдіршіннің өліміне мына кәрі ағаш себеп болыпты. Баласын көтерген ана осы маңнан өтіп бара жатқан кезде, жоғарыдан талдың бұтағы құлаған. Әрі ол әдейі көздегендей, баланың басына түсіпті.

Сол күні Қайрат пен Әйгерім кешкі серуеннен қайтып келе жатыпты. Ал оқыс жағдай үйіне санаулы қадам қалғанда болған.

"Бұтақтың ұзындығы 1 метрдей и жуандығы мынадай. Ана бұтақ құласа ол не то что 1 жастағы бала, ол үлкен адамның өзін өлтіріп тастайды. Қалай құласа да, жанымен, тік құласа да, - дейді кішкентай Аңсардың әкесі.

Содан сәби дауыс шығармастан, талып қалған. Ал абдырап қалған ата-ана жақын жердегі дәріханаға барып, көмек сұрапты.

 

Сөйтіп, 1 жасар Аңсар жан сақтау бөліміне түскен. Тек нейрохирургті тым ұзақ күтуге тура келіпті. Қамкөңіл ана ол дер кезінде келгенде, балам аман қалар ма еді деп отыр.

"Дәрігер жоқ көмектесетін нейрохирург. Қаладан 3 сағаттың ішінде тосу керек деді. Врач келді. Біраз тағы күттік, сосын шақырды. Когда врач келгенде давление уже начала падать", - дейді сәбидің анасы Әйгерім Ғазиз.

Тағы оқыңыздар: Мейрамбек Беспаев "Гәкку" арнасының жасаған "қастандығы" туралы ашық айтты

Ақыры талдың бұтағы басына құлаған баланың жағдайы нашарлап, ауруханада көз жұмған. Ал дәрігерлер қолдан келгенімізді жасадық деп отыр. Бірақ Аңсар Ғабиденнің жарақаты тым ауыр болған.

"Енді сондай қатты жарақат алған. Нейрохирург уақытында келіп, операцияға келмейді деп заключение қалдырып кетті", - дейді Қарасай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Ербол Сәрсенбаев.

Ал Қаскелеңдегі кәрі ағаштарды жеке компания бақылайды екен. Бұған дейін өз ісіне немқұрайды қараған олар бүгін Аңсардың өмірін жалмаған талды кесіп кетті. Тек жауапты компания жағдайға жұрттың өзін кінәлайды. Өйткені тұрғындар алдымен әкімдікке қураған ағашты кесу туралы өтініш жазуы керек екен.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1573217-almaty-oblysynda-basyna-aghash-qulap-ke.html