RU

Прокурорға оқ атып, кейіннен өзін өлтірген 61 жастағы азаматқа қатысты жаңа дерек шықты

Ақмола облысында өзін өлтірген Өмірбек Жампозовтың ұлы әкесіне қатысты қылмыстық істі оның өліміне байланысты тоқтатуға қарсы шықты. Енді сот  жалғасатын болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Прокурор мен полицейге оқ жаудырып, кейін өзін мылтықпен атып, жан тапсырған  61 жастағы азаматтың кінәсіз екенін енді  баласы дәлелдеп шықпақ.

"Істің өліміне қатысты қысқартылуына келіспеймін. Әкемді толық ақтап шығамын. Өйткені ол ешқандай кінәсіз, осындай шараға мәжбүрлеткені сол кінәсіздігі әкемнің. Толық ақтап шығуға барлық күшімді саламын", - дейді Өмірбек Жампозовтың ұлы Асылжан Жампозов.

Тағы оқыңыздар: Қорғаста қытайлар жайлап алған жасырын казино табылды (фото, видео)

Марқұмның туыстары 40-тан астам томға арқау болған қылмыстық іспен танысу үшін судьядан бір апта уақыт сұрады. Соған байланысты Жампозовқа қатысты сот 9-шы тамызда жалғасатын болды.

Марқұм Өмірбек Жампозов «ҚазСуШарды» басқарған кезінде су торабын жөндеуге бөлінген 620 миллион теңгені сыбайластарымен бірге жымқырды деп айыпталған. Оның қарамағындағы бес қызметкер де сот алдында жауап беруде.

Тағы оқыңыздар: Елімізде ең жоғары жалақыны қай саланың мамандары алады?

Жампозов тура үкім шығатын күні мылтықпен прокурор мен полицейге оқ жаудырып, кейін өзі атылып өлді. Қазір құқық қорғау органдарының қос қызметкері ауруханада жатыр. Ішкі істер министрлігі «өзіне қол жұмсауға мәжбүрледі» деген бап бойынша іс қозғады. Ал Ақмола облыстық прокуратурасы жараланған прокурорға қатысты қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1573223-prokurorgha-oq-atyp-keyinnen-ozin-olti.html