Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туыстары өлді деп хабарлаған тағы бір қазақстандық тірі болып шықты

Опубликовано:

Отбасы өлі деп есептеген ер кісі түрмеден босап шығып, туыстарымен кездесуден бас тартты, деп хабарлады Ақтөбе облысы прокуратура аппаратының жетекшісі Жасұлан Дәулембаевқа сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

Дәулембаев Құқықтық қызметтер орталығында қабылдау кезінде белгілі болған жағдай туралы хабарлады.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан ер адам құжаттар алуға және тұру орнын белгілеуге көмектесуді сұраған. Оны әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырып, құжаттармен көмек көрсетуде.

Ережеге сәйкес, оған жауап беріп, көшірмесі Оралға кері ретінде көрсетілген мекен жайға жолданған.

Тағы оқыңыздар: Қарағанды облысында 13 жастағы қызды үш жыл бойы өгей әкесі зорлап келген

"Күтпеген жерден бізге өзін оның қызымын деп таныстырған әйелден қоңырау келіп түсті. Ол әкесінің он жылдан астам уақыт бұрын хабар ошарсыз кетіп, сот арқылы оны өлді деп танып құжат алуға үлгергендерін айтты. Ер адамның отбасынан өз еркімен кеткені, белгілі бір уақытта Ресейде тұрып, сол жерде қылмыс жасап, жаза өтегені анықталды", — деп жазды Дәулембаев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

Туыстардың ұзаққа созылған кездесуі болады деген үмітпен ер адамға қызының үйіне алып кетпек ниетін хабарлаған. Бірақ ол туыстарымен кездесуден бас тартты.

"Жеке өміріне араласпауды жөн көрдік. Өз жақындарыңызды бағалай да, аялайда біліңіздер", — деп түйді аппарат басшысы.

Айта кетейік, Оралда жоғалып кеткен төрт баланың анасын туыстары өлді деп хабарлап, ол кейін Алматыдан табылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1573310-tuystary-oldi-dep-khabarlaghan-taghy-bir/

pixel