Выйти
RU

Отандық полицейлердің бейәдеп әрекеттерін әшкерелейтін суреттер пайда болды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық Антон Волков Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа үндеу жолдады. Ол отандық полиция қызметкерлерінің кейбір әрекеттерін бейәдеп деп танып, осы жөнінде өз наразылығын білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Белсендінің сөзінше, полицейлер арақ шарап жайлаған мейрамхана ішінде қолына қызметтік қару ұстап, бағалы машиналардың жанында суретке түсуден түк қымсынбайды.

Ертеректе павлодарлық шенеуніктер тіпті бөтен адаммен суретке түспеу керек деген болатын. Себебі, ол ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі немесе радикалды топтың жетекші де болуы мүмкін.

Тағы оқыңыздар: Туыстары өлді деп хабарлаған тағы бір қазақстандық тірі болып шықты

Алайда, қызметтік этиканы бұзған полицейлер әлдеқайда көп болып отыр. Волков әлеуметтік желіде арнайы топ ашылғанын, онда полицейлердің заңға қайшы суреттерінің жинақталғанын тілге тиек етті.

Ал министр Қасымов болса аталған мәселеге қатысты Павлодар облысының ішкі істер департаментінде қызметтік тексерудің басталғанын хабарлады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Отандық полицейлердің бейәдеп әрекеттерін әшкерелейтін суреттер пайда болды (фото)