Выйти
RU

Пәк емес қызды алып, басы дауға қалған жігіт сот алдына келді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тәжікстанда Восей аудандық соты Зафар Пировты қамауға шешім қабылдады. Оның 18 жастағы жары Раджабби Хуршед тойдан кейін өзіне қол жұмсап, өмірден озды деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Осыған дейін Восей аудандық сотының прокуратурасы Зафар Пировтың ісін сотқа жібергенін мәлімдеген. Оған әйелін өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген айып таққан. Бұл бап бойынша бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Зафар Пиров жетінші шілдеде өзінің айыбын мойындайтынын, әділетті сот шешімін күтетінін мәлімдеген.

Тағы оқыңыздар: Белсенді отандық полицейлердің бейәдеп әрекеттерін әшкерелейтін суреттерді көрсетті (фото)

«Прокуратура менің тек шындықты айтуымды талап етті. Мен оларға әйелімнің екінші рет үйленуіме рұқсат бергенін айттым. Ол жазып кеткен қолхатында тойға дейін пәктігі болмағанын мойындаған. Мен оған ата-анаңның үйіне қайтарамын дегенде, сірке қышқылын ішіп, ауруханада көз жұмды», - дейді ол.

Ол әйелі қайтыс болғаннан кейін, өзін кінәлі сезінетінін мойындады.

«Мен оның өлімін қаламадым. Бірақ мен тойға жұмсаған 13 мың сомониды оның ата-анасы қайтарып бергенін қалап едім», - дейді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пәк емес қызды алып, басы дауға қалған жігіт сот алдына келді