Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұбайына естен кетпес тосын сый жасаған Сәкен Майғазиев елді тамсандырды (фото,видео)

Опубликовано:

"Музарт" тобының солисті, елдің сүйікті әншісі Сәкен Майғазиев жұбайы Динарамен отасқандарына 20 жыл толуына орай сүйіктісіне арнап естен кетпес тосынсый жасады деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

30 қабатты романтикалық зәулім ғимаратта отбасылық өмірдің 20 жылдығын жұбайымен жеке атап өткісі келген әнші жарына кешкі ас туралы айтпаған. Осылайша жастық шақтарын еске алғысы келген Сәкен Динараға тосынсый жасады.

"Қайда отырсақ та менен көз алмай қарап отыратын. Таңертең сабаққа бара жатқанда біз автобуспен, бұл кісілер таксимен жүреді. Сондай кезде дос қызым екеумізді "жүріңіз, жеткізіп салайын" деп апарып тастайтын",-дейді жас кезін еске түсірген Динара. Сәкен студент Динараның өзін біраз уақытқа дейін жүгірткенін айтады. "Бұл кісі бір айдай маған жауап бермей, мені қинады. Содан төрт апта күткеннен кейін беті бері қарап, менің қандай пиғылда екенімді түсінді",-дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Танымал журналист Баянның Жазушылар Одағының құрамына кіргенін қолдап отыр

"Бұл мерейтойымыздың басы ғана" дейді Сәкен. Оның отбасына деген тартуы мұнымен шектелмейді. Бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған үлгілі жұп жақында Еуропаға саяхаттауды жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1573531-saken-mayghaziev-zhubayyna-esten-ketpe/

pixel